Түркістан облысынан мәжіліске және мәслихатқа үміткерлер тізімі жасақталды

150

Келер жылы Түркістан облыстық мәслихатындағы депутаттық корпус 70 пайызға жаңарады. Бұл туралы «Нұр Отан» партиясының Түркістан облыстық филиалының кезектен тыс 40 конференциясында белгілі болды.

Жиында мәжіліске  үміткерлер өзара сайысқа түсті. Партиялас әріптестерін бағдарламаларымен таныcтырып, өз ұстанымдары көзқарастарымен бөлісті.

Өмірзақ ШӨКЕЕВ, НұрОтан партиясының Түркістан облыстық филиалының төрағасы: «Елбасымыз, «Нұр Отан» партиясының  төрағасы Нұрсұлтан Назарбаев  бастамасымен елімізде алғаш рет жаңа форматта өткізілген праймериздің қорытындысы бойынша партиямыз тегеурінді тұлғалармен толықты. Сіздер депутаттыққа үміткер ретінде саяси додаға қатысқалы отырсыздар. Қалың елдің, партияластардың  қолдауымен осындай мүмкіндікке ие болдыңыздар. Сондықтан сенімді ақтауға міндеттісіздер. Сіздердің қызметтеріңіз Түркістан облысының дамуы мен өркендеуіне зор ықпал етеді деген ойдамын».

7-ші шақырлымда облыс, аудан, қала бойынша 320 мандат беріледі. Олардан 45 депутат облыстық мәслихатқа сайланбақ. «Нұр Отан» партиясы 45 орынға ұсынған 84 кандидаттың тізімі бүгін делегаттармен бірауыздан бекітілді. Қазіргі 6-шы шақырлымда 35 жасқа дейін бірде -бір депутат жоқ болса, енді ол 20 пайызға артпақ. 45 депутаттың 24-і саяси додадан қалыс қалып отыр.

Мәслихаттың 50 пайызы әйелдер мен жастар арқылы жаңарып, қалған тобы праймериз қорытындысы бойынша үздік атанғандармен толығады. Яғни, облыстық мәслихат құрамы кемінде 70 пайызға жаңармақ.

Шынар Оразова