Жәрдемақы тағайындау кезінде анықтаған…

82
фото oninfo.kz

 

Арыс қаласындағы жарылыстан кейін тұрғындарды үрей билегені сөзсіз. Бірақ бұған қарамастан арыстықтардың саны азаймаған. Қайта өткен жылмен салыстырғанда 2,6 пайызға өскен. Бұл туралы Арыс қаласының әкімі Мұрат Қадырбек мәлімдеді.

Жергілікті билік халық санын төтенше жағдай кезінде адам басына берілген жардемақы тағайындау кезінде анықтаған. Қазір тұрғындардың саны 76 998 адамға жеткен.

Мұрат ҚАДЫРБЕК, Арыс қаласының әкімі: «Әр азаматқа 100 мың теңгеден ақша бердік қой. Сол кезде Арысқа тіркелген азаматтарды есептеу жұмыстар жүргізілді. Жарылысқа дейін және кейін есептеген кезде қала халқына 1,2-2 мыңдай адам қосылған».

Жалпы Арыс қаласы бойынша 276 шақырым жол бар. Оның барлығына асфальт төселмеген. Яғни, 94 пайызға дейін қамтылған. Ал, қазіргі күні 1700-дей адам тұрғын үй кезегінде тұр.

Биыл тұрғындарды баспанамен қамту барсында «Нұрлы Жол» бағдарламасы арқылы 366 пәтер халық игілігіне берілген. Жыл соңына дейін тағы 108 отбасы тұрғын үймен қамтамасыз етіледі.

                                                                                                    Олжас Айдарбек