Балалар аналарының қысым көрсететіні жайлы комитетке шағымданды

101

Әлеуметтік желілерде Түлкібас ауданы тұрғынының кәмелетке толмаған қызын заңсыз алып кетті деген бейнехабарлама таратылуда.

Осы жайт бойынша түсіндіріп өтеміз, бұдан алдын әйелдің балалары «Балалардың құқықтарын қорғау комитетіне» аналарының отбасылық жанжалдарға байланысты оларға үнемі психологиялық және физикалық қысым көрсететіні туралы шағымданған.

Аталған жайтты полицейлер ҚР ҚК-нің 140-бабы 2-бөлігі «Кәмелетке толмаған баланы тәрбиелеу жөніндегі міндеттерді орындамау»бойынша СДТБТ-ға тіркеген. Сот-медициналық сараптама тағайындалған. Жүргізіліп жатқан тергеу барысы оқиғаның барлық мән-жайын анықтайтын болады.

Сондай-ақ 21.12.2020 ж. «Түлкібас ауданы әкімдігінің жанындағы кәмелетке толмағандардың істері жөніндегі комиссияның» кезектен тыс отырысының шешімімен әйелдің кәмелетке толмаған қызы Шымкент қаласының кәмелетке толмағандарға арналған уақытша бейімдеу орталығына орналастырылып, кіші інісі анасына қалдырылды. Бүгінде әйелмен және оның қызымен психолог мамандары жұмыс жасауда.

QAINAR KÓZТүркістан облысы ПД-ның баспасөз қызметі