Бұл туралы ҚР Президенті жанындағы Орталық коммуникациялар қызметінде өткен баспасөз брифингінде Шымкент қаласының әкімі Мұрат Әйтенов мәлімдеді.
– Биыл 2200 жылдық тарихы бар Шымкент қаласы ТМД-ның мәдени астанасы мәртебесін иеленіп, үшінші мегаполисте 1700-ден астам іс-шара ұйымдастырылды. Салтанатты шара аясында қаламыздың тарихы мен мәдениетін кеңінен дәріптейтін ескі қалашықтың бекінісін қайта қалпына келтіру іске асырылуда. Бұл бойынша Елбасы Н.Ә.Назарбаев Шымкентке арнайы келіп, жұмыс барысымен танысты. Алдағы уақытта аталған мұражайды ЮНЕСКО-ның тізіміне енгізу жұмыстары жүргізілуде, – деді қала әкімі.
Шаhар басшысының айтуынша, бұл мұражай қала тұрғындары мен қонақтарына арналған Шымкенттің ең көрікті жеріне айналады. Бүгінде «Цитадельдің» қабырғалары қайта қалпына келтіріліп, абаттандыру мен мұражайландыру жұмыстары жүргізілуде
Шымкент қаласының Ақпараттық-коммуникациялық орталығы