Шымкентте 14 интеллектуалды «Сергек» камерасы орнатылды

216

Шымкент қаласында «Цифрлық Қазақстан» мемлекеттік бағдарламасының «Қауіпсіздік» бағыты бойынша аулалар мен жолдардың бойында 479 бейнебақылау камерасы және 21 көше қиылысында 212 «Интегра-С» зияткерлік камерасы орнатылды.

Сонымен қатар, қаладағы цифрландыру басқармасы мен «Қазақтелеком» АҚ тарапынан көпқабатты үйлердің кіреберісіне 2462 бейнебақылау камерасы қойылды.
Орнатылған камералар полиция департаменті жедел басқару орталығының ақпараттық жүйесіне қосылған. Осындай атқарылған жұмыстардың нәтижесінде шаһарда қылмыс саны төмендеген.

Сонымен қатар, қала әкімдігі мен полиция департаменті және камера орнатушы компания ортасында үш жақты меморандум түзіліп, шаһар көшелеріне 14 интелектуалды «Сергек» камерасы орнатылды. Қазіргі таңда «ақылды камералар» қала көшелеріндегі көлік қозғалысында орын алған заң бұзушылықтарды тіркеп отыр.

QAINAR KÓZШымкент қаласы әкімдігінің баспасөз қызметі