Бүгін қала әкімі Мұрат Әйтенов солардың ішінде төрт баланың отбасыларына арнайы барып, Мемлекет басшысының атынан келген құттықтау хатын оқып, сыйлықтарын табыстады.

– Келе жатқан Жаңа жылың құтты болсын! Бұл мереке саған көп жақсылық әкелсін! Білім жолындағы талабыңа нұр жаусын! Қаңатың талмасын! Сенің елін сүйетін ұлтжанды әрі саналы азамат болып өсуіңе тілектеспін. Арман-мұратына жете бер!, – деп айтылған құттықтау хатта.

Ертегілер әлеміне енетін ғажайып кітаптар мен сый-сыяпаттарға ие болған шымкенттік кішкентай тұрғындар Президентіміз Қасым-Жомарт Тоқаевқа жүрекжарды алғыстары мен тілектерін жеткізді.

Президент сыйлығын алған балаларды әрбір мектеп жанынан құрылған қамқоршылық кеңесі шешті. Ол кеңеске ата-аналар, депутаттар мен кәсіпкерлер кіреді. Кеңес мүшелері жетім балалар, ата-анасының қамқорлығынсыз қалған балалар, аз қамтылған және көп балалы отбасылардан шыққан 200 оқушыны іріктеп алынды. Іріктелген тізім білім басқармасы жанынан арнайы құрылған комиссияның қарауынан өтті. Коммиссия құрамына «Адалдық алаңы» өкілдері, қоғам белсенділері және блогерлер енді. Бұдан бөлек, тізімді жасақтау отырысына қоғамда белсенділік танытып жүрген көпбалалы аналар бақылаушы ретінде қатысты.

Сыйлық үлестіруде өмірлік қиын жағдайға түскен отбасының балалары, мүгедектер және ата-ана қамқорлығысыз қалған бүлдіршіндерге басымдық берілді.
Қалған 196 балаға сыйлықтары почта арқылы табысталды.

Мерекелік шара эпидемиологиялық-санитарлық талаптар ескеріле отырып ұйымдастырылды.