Шымкентте ерекше граффити пайда болды

114

Шымкент көшелерінің бойындағы бейнелеу өнері одан әрі көбейе түсті. Бұл жолы суретшілерді бұрынғы субұрғылау кешені қызықтырған. Көненің көзіндей болған бұл жерге шеберлер ұлттық киім киген бойжеткенді салуды ұйғарыпты. Ал, оның айналасын қызылды жасылды гүлдермен көмкерген.


Кристина БЕКМҰРЗАЕВА, «Креативті инициативтер» орталығының негізін қалаушы:  «Биыл Шымкент мәдени астана болды. Шараның жабылуы салтанатына орай қала әкімдігі бізді шақырған болатын. Және тұрғындар мен қонақтарды тәнті қылатын ерекше туынды жасап беруді сұрады. Негізі қала мәдени және тарихи орындарға бай»


Айта кетейік, суретшілер таңдаған ғимарат ғұмыры жарты ғасырдан асқан. Алғашында субұрғылау кешені болған. Ал, 90 жылдары ғимарат видеосалонға айналған. Бүгінгі таңда мұнда теміржол вокзалының қызметкерлері білім алады.

Назерке Үкібасова