Төтеншеліктер мен тәртіп сақшылары әкімнен тапсырма алды

182

Алтыншы шақырылымдағы Шымкент қаласы мәслихатының кезектен тыс 73-ші сессиясы аяқталған тұста, шаһар басшысы Мұрат Әйтенов, жаңа Жылдық от шашу, петарда сияқты жарылғыш заттардың бейберекет жерде  заңсыз сатылуына тоқсауыл қою, қайғылы оқиғалардың алдын алу бойынша  іс-шараларды жалғастыруды  Шымкент қаласы бойынша төтенше жағдайлар  және полиция департаменттерінің басшыларына  тапсырды.

Қауіпсіздік шараларын сақтау бойынша  халық арасында түсіндіру жұмыстарын күшейту қажеттігі де айтылды.

Шынар Оразова