Түлкібас ауданында жылқы басы көбеюде

264

Түркістан облысы Түлкібас ауданында мемлекеттік қолдаудың арқасында мал басы санын көбейту бағытында ілгерілеу бар. Мәселен, өткен жылдың тиісті кезеңінде ауданда жылқы саны 24 766 басты құраса, бүгінгі таңда 27 968 басқа жетіп отыр. Яғни, өсім 112,9 пайызға артқан.

Үкімет тарапынан жасалған қолдаулардың бірі – «Қарапайым заттар экономикасы» бағдарламасы. Аталған бағдарлама Түлкібас ауданында тиімді жүзеге асуда. Жобаның тиімділігін көріп отырған кәсіпкерлердің бірі – Рамжан Қарақұлов.

Шаруа жыл басында «Кәсіпкерлерге қолдау көрсету» орталығының аудандық филиалының сүйемелдеуімен тиісті құжаттарын жинап, «Аграрлық несие корпорациясынан» 6 пайыздық жеңілдікпен 72 млн. 400 мың теңге несие алған. Ол қаржыға 184 бас бие, 16 бас айғыр сатып алып, мал басын көбейткен. Кәсіпкер 10-нан астам ауыл тұрғындарын жұмыспен қамтуда.

Түлкібас ауданында жалпы «Қарапайым заттар экономикасы» бағдарламасы аясында 330,2 млн. теңгені құрайтын 19 жоба қаржы институттарымен қаржыландырылған.

 

QAINAR KÓZТүркістан Өңірлік Коммуникация Қызметі