Түркістан: Құрылыс бойынша көш басында

168

Түркістан облысы тұрғындарды баспанамен қамтамасыз ету бойында Қазақстанда көш бастады.

Биыл Күнгейде 2430 отбасы мемлекеттік бағдарламамен баспанаға қол жеткізген. Бұдан бөлек, тағы 3604 жер учаскесі «Нұрлы жер» бағдарламасы бойынша берілген. Бұл үшін облыс бюджетінен 36 млрд. теңге кеткен екен. Осылайша өңір мемлекеттік бағдарламамен үй берудің биылғы жоспарын межесіне жеткізді.

Айта кетейік, жыл ішінде сатып алу құқығымен арендалық 40 тұрғын үй тапсырылса, сатып алу құқығынсыз 14 үй құрылысы аяқталды. Олар Түлкібас, Шардара, Сарыағаш аудандары мен Кентау қасынан бой көтерді.

Ал ендігі жылы Түркістан қаласында кірпіші қаланып жатқан 7, 9 және 12 қабатты тұрғын 64 тұрғын үй тапсырылады.

                      Назерке Үкібасова