Енді қазақстандықтар әскерге смс хабарлама арқылы шақырылады. Бұл туралы бүгін өткен Қорғаныс министрлігінің жиынында мәлімденді.
Әскерге шақыру науқанын қорытындылаған жауаптылар жаңашылдықтың әлдеқайда жеңіл екенін айтады. Және пандемияға қарамастан былтыр 34 мың сарбаздың әскери борышын өтегенін жеткізді.
Мұрат БЕКТАНОВ, Қарулы Күштер Бас штабының бастығы: «Жалпы, өткен жылғы шиеленіскен қиындықтар мен мәселелер кезінде әскерлерді шақыру мен жасақтауға байланысты барлық міндеттерді шештік. Ең бастысы, біз болашақта тиімді жұмыс істеуге мүмкіндік беретін белгілі бір тәжірибе алып, машықтандық».
Бұдан бөлек, генерал-лейтинант әскери қызметке қатысы жоқ сырқаттардың да азайғанын айтады. Мәселен, 2019 жылы 22 сыртқа түрі анықталса, былтыр екі түрі ғана табылыпты.
Назерке Үкібасова