Ауылда мектепті үздік аяқтаған түлектерді педагогика мамандығына бағыттау керек

220

«Ауылда мектепті үздік аяқтаған түлектерді педагогика мамандығына бағыттау керек». Осылай деген мәжіліс депутаттары бүгін ұсыныс тастады.

Сөздерінше, ұстаздар жалақысы мен мәртебесі артқанымен сапа жағы оңбай тұр. Осыған байланысты халық қалаулылары шәкірттерді педагогика мамандығында оқытып ауылға қайтару керек дейді.

Жұлдыз СҮЛЕЙМЕНОВА, ҚР Парламенті мәжілісінің депутаты: «Қазіргі педагог мамандарының тапшылығы, өтпелі кезеңде мектепте жақсы оқыған түлектердің педагогикалық мамандыққа бармауына, ал педагогикалық жоғары оқу орындарындағы студенттердің ауыл мектептеріне келмеуіне байланысты. Осы тұрғыдан, ауыл мектептерін үздік тәмамдаған түлектерді педагогика мамандығына үгіттеу жұмыстарын жүйелендіріп, жандандыру қажет».

Бұдан бөлек, жауаптылар сапаны жақсарту үшін болашақ мұғалімдерді көбірек тәжірибеден өткізу керек дейді. Мәселен бүгінде студенттер 2 аптадан 2 айға дейін ғана мектепте тәжірибе жинақтайды. Бұл мерзімді 2 жылға созу керек деген жауаптылар сонда ғана пәндік білімнің жоғарылайтынын жеткізді.

Назерке Үкібасова