Д.Қонаев пен Т.Рысқұлов көшелері жабылады: Қоғамдық көліктер қай бағытпен жүреді?

188

Жолайрық құрылысының ІІ кезеңі басталуына байланысты 20 қаңтардан бастап Д.Қонаев пен Т.Рысқұлов көшелері жабылады.

Нақтырақ айтқанда, «Роял» клубы тұсынан Т.Рысқұлов көшесіне дейін және Бәйдібек би даңғылы Т. Рысқұлов көшесінен М.Дулати көшесіне дейін. Көлік ағыны М.Дулати, Қазыбек би, Байырқұм, А.Байтұрсынов көшелеріне бағытталып ұйымдастырылады.
Бозарық елді мекенінен қалаға қарай бағытта Бәйдібек би, Байырқұм, Дулати көшелерімен, қаладан Бозарыққа қарайғы бағытта Қазыбек би, Т. Рысқұлов, Т.Бәйтереков, Е.Жәнібеков және М.Дулати көшелерімен жүруге болады.
Д. Қонаев даңғылының батыс жағындағы үйлер мен ғимараттарға көлік қозғалысы А.Байтұрсынов және С.Жандосов көшелерінен ұйымдастырылады.

Д.Қонаев көшесі арқылы жүретін №152 және №135 автобустардың қозғалыс сызбалары С.Жандосов, А.Байтұрсынов, Т.Рысқұлов көшелері арқылы өзгеретін болады.

Жолайрық құрылысын қарашада толық аяқтап, пайдалануға беруді көздеп отырмыз.
Осы ретте, қала тұрғындарынан құрылыс жұмыстарының жүргізілуіне байланысты, туындайтын уақытша қолайсыздықтар үшін кешірім сұраймыз.