ОҚМА мен №1 қалалық клиникалық аурухана келісімге қол қойды

239

 

Оңтүстік Қазақстан медицина академиясы мен Шымкент қаласының №1 клиникалық ауруханасы өзара келісімге қол қойды. Енді аталған аурухана денсаулық сақтау саласындағы білім беретін ұйымның клиникасы болып саналады.

Білім ордасының студенттері бұған дейін түрлі емдеу мекемелерінде тәжирибеден өтсе, енді басым көпшілігі көп салалы емдеу мекемесінде өткізетін болады. Практикадағы студенттер ауруханадағы дәрігерлермен бірге емдеу ісіне де қатыса алады. Аурухана бас дәрігерінің сөзінше, өзара келісім білікті мамандар даярлап шығару үшін жасалып отыр.

Абылай ДОНБАЙ, Шымкент қалалық №1 клиникалық аурухананың бас дәрігері: «Резиденттер, доктаранттар, 4,5 курс студенттері, бізге де көмек болады. Өйткені олар келіп бізге көмектесетін болады. Операцияға қатысады. Олар үлкен тәжірибеден өтеді. Теория мен практиканы үйлестіріп қарауға мүмкіндік бар. Болашақта арасында талантты студенттер болып жатса жұмысқа алуға болады».

Олжас Айдарбек