Ж.Түймебаев медицина академиясының құрамымен және студент жастармен кездесті

905

Оңтүстік Қазақстан облысының әкімі Ж.Түймебаев Оңтүстік Қазақстан медициналық академиясында болып, онда университет зертханаларының жабдықтарымен танысты. Атап айтқанда, қымбат модельдер орнатылған клиникалық-симуляциялық оқыту бөлімі. Мұнда студенттер ғана емес, сонымен бірге қаланың және облыстың дәрігерлері адамдарға ұшақтар мен пойыздарда, автобус аялдамаларында кенеттен кардиохирургиялық және инсульт болған жағдайда алғашқы медициналық көмек көрсетуді үйренеді.

 

 

Бұдан бөлек, облыс басшысы жоғарғы оқу орнының профессорлық-оқытушылық құрамымен және студент-магистранттармен кездесті. Кездесу барысында әкім қатысушылардың назарын еліміздегі медицина мен фармацевтика саласы бойынша кадр даярлау сапасына аударды. Яғни, ол құрылтайшының оқу үдерісін одан әрі дамытуға мүдделі екенін және айтарлықтай қаражат салуға дайын екенін атап өтті.

«Жалпы академия 1979 жылы құрылған өзіндік базасы бар үлкен жоғары оқу орны болып табылады. Ал енді біздің 3 миллион халқы бар облыс үшін осындай сапалы оқу орындары, әсіресе дәрігерлік оқу орындары өте қажет. Ұлтының жарқын болашағын ойлаған мемлекет алдымен азаматтарының денсаулығына көңіл бөледі. Өздеріңіз білесіздер, Елбасы жыл сайынғы халыққа арнаған Жолдауында денсаулық саласына айтарлықтай көңіл бөліп келеді. Енді біз ауруды болған кездегі емдеуден гөрі, ауруды болдырмаудың жолдарын қарастыруымыз қажет. Осы бағытта жұмыс істеуіміз керек», – деді облыс әкімі. Сонымен қатар, Ж.Түймебаев университеттің білім беру және ғылыми қызметіндегі оң нәтижелеріне көңілі толғанын жеткізді.

 

 

Өз кезінде облыстық мәслихаттың депутаты, «ОҚМА» АҚ- ның  құрылтайшысы  С.Сейтжанов университеттің алғашқы қадамдарына қысқаша тоқталып, қосымша аудиторлық қормен 7205 шаршы метр болатын жаңа ғимарат сатып алып жатқанын мәлім етті.

«Бұдан басқа Бозарық шағын ауданында 150 гектар жерде жақын арада Инновациялық Университет қалашығы бой көтереді. Ол тек медицина факультетіне ғана емес, сонымен бірге мектеп-бизнеске де айналады. Онда оқу ғимараттары, спорттық нысандар, тұрғын үй кешендері мен 1 мың орындық жатақхана салынбақ», – деді С.Сейтжанов.

Кездесу соңында оқу орнының ректоры, медицина ғылымдарының докторы, профессор М.Рысбеков университет жоғарынәтижелерге қол жеткізу жолында екенін өйткені инвестор білім беру үдерісін дамытуға және білім беру кеңістігін жетілдіруге ықпал етіп, қолдайтынын айтты.

Айта кетейік, 2017-2018 оқу жылында медицина академиясында 3771 студент білім алса, оның 238 шетелдік жастар. Ондағы білім алушыларға үш тілде 300-ден астам профессорлық-оқытушылық құрам сабақ береді.

ОҚО әкімінің баспасөз қызметі