«Нұр Отан» партиясы Шымкент қалалық филиалында өткен салтанатты шарада «Отырар» медиахолдингі ұжымының мерейі үстем болды.
ҚР Парламенті Мәжілісі және мәслихаттар депутаттарының сайлауында белсенділік танытқан арнамыздың басшысынан бастап тілшілеріне дейін марапатқа ие болды. Тәуелсіздігіміздің 30 жылдығы қарсаңында оларға Елбасы, партия төрағасы Нұрсұлтан Назарбаевтың «Алғыс хаты» табыс етілді. Айта кететін жәйт бұл құрметке БАҚ өкілдерімен қоса, нұротандықтар, қоғам белсенділері мен еріктілер ие болды.
Әйгерім ЖҰМАҒҰЛОВА, «Отырар» медиахолдингінің директоры: «Елбасының марапатын алғашқы алуым. Бұл марапат мен үшін маңызды. Партиялардың сайлауалды бағдарламаларында халыққа берген уәделерінің орындалуы жайлы қауымды ақпараттандырып тұрамыз. Аянбай еңбек етеміз».
Шынар Оразова