Бүгін 10 қаңтарда елімізде ҚР Парламенті Мәжілісі және түрлі деңгейдегі жергілікті мәслихат депутаттарын сайлауы өтіп жатыр.
Шымкент қалалық сайлау комиссиясының мәліметі бойынша саяси шара шаһар аумағындағы барлық учаскелерде санитарлық талаптар сақталып өтуде. Сайлаушылар Ата заңда көрсетілген құқықтарын пайдалануда.
Қайырбек ҚҰНАНБАЕВ, Шымкент қалалық сайлау комиссиясының төрағасы: «Шымкент қаласының аумағында 312 сайлау учаскесі бар. Олардың 19 жабық: 16-медициналық емдеу мекемелері, 2- әскери бөлім, 1- тергеу изоляторы. Сағат 12:00- ге Шымкентте 601 075 сайлаушының 210635-і, яғни 34,1 пайызы дауыс берген».
Шынар Оразова