Сайрамдық инвестор жылына 3500 тонна өнім өндіреді

220

 

Сайрам ауданында 2019 жылы іске қосылған «Ecoinvest S A» ЖШС жылыжай кешені 11 гектар жерден жылына 1500 тонна қияр, 2000 тонна қызанақ өндіруде. Жылыжайда қысқы маусымда – 150, жазда – 250-ге жуық адам жұмыспен қамтылады.

Сайрам ауданы, Қарамұрт ауылында орналасқан аталған жылыжай – «Жыл үздігі – 2020» номинациясында «Үздік инвестор» деп танылған. «Ecoinvest S A» ЖШС-ң басшысы Мурат Гелашвили алдағы уақытта кешен аумағын ұлғайтпақ.

Айта кетейік, жылыжай өнімі ел аумағында нарыққа шығарылып, Ресейге экспортталады. Бүгінде отандық өнімге деген сұраныс жоғары.

 

QAINAR KÓZТүркістан облысының Өңірлік коммуникациялар қызметі