Шымкент: 200 көше мен 120 көше қиылысына «Сергек» орнатылады

251

Шымкентте 200 көше мен 120 көше қиылысына «Сергек» қондырғысы орнатылмақ. Бұл туралы қаланың цифрландыру басқармасының басшысы мәлімдеді. Осылайша жауаптылар қаладағы қылмысты азайтамыз деген сенімде. Айта кетейік, бүгінде қала бойынша 30 сергек қондырғысы бар.

Бұдан бөлек, жауаптылар мегаполистегі цифрландыру жүйесін жүз пайызға жеткіземіз деп отыр. Бүгінде бұл көрсеткіш 95 пайызға ие. Бірақ, осыған қарамастан Шымкент аумағындағы интернет әлі де көңіл көншітерлік емес. Қаладағы 45 елді-мекенде интернет әлі күнге дейін әлсіз.

Әсет ӘБДІРАХАНОВ, Шымкент қаласы цифрландыру басқармасының басшысы: «Алтынтөбе, Көкбұлақ, Солтүстік Батыс, Достық, Солтүстік саяжай тұрғын алаптарында интернет қосылды. Толығымен қамтылған. Сонымен қатар, Асар, Шымкент Сити, Ақтас, Асар-2 шағын аудандарда техникалық жұмыстар жүргізілуде. Осы немесе келесі аптада интернет қосылады».

Назерке Үкібасова