Шымкентте «Бизнестің жол картасы-2025» бизнесті қолдау мен дамытудың мемлекеттік бағдарламасы шеңберінде инновациялық жобаларға мемлекеттік гранттар ұсыну қарастырылған.

Өткен жылы бағдарлама аясында мемлекеттік гранттар ұсынуға 289,9 млн. теңге қаржы бөлінген, оның ішінде республикалық бюджеттен 55 млн. теңге және жергілікті бюджеттен 234,9 млн. теңге бөлінген 2019 жылы 152,0 млн. теңге.

Ал, жобасы үздік деп танылған әрбір кәсіпкерге 2-5 млн теңге көлемінде грант берілді. Мемлекеттік гранттар конкурстық комиссияның нәтижесі бойынша бөлінді. Оның құрамында «SmartOn» ІТ-компаниялар қауымдастығы төрағасының кеңесшісі, Өңірлік кәсіпкерлер палатасы директорының орынбасары, қалалық мәслихат хатшысы, М.Әуезов атындағы Оңтүстік Қазақстан университетінің ғылыми зерттеулер департаментінің директоры, «Даму» Кәсіпкерлікті дамыту қоры» АҚ филиал директорының орынбасары, «Шымкент – Адалдық алаңы» жобалық кеңсесінің басшылары болды.

Бағдарлама аясында мемлекеттік гранттар ұсыну екі кезеңде өткізіліген болатын. 1-ші кезеңде 234,9 млн. теңге бөлініп, 176 үміткер құжат өткізіп, 52 кәсіпкердің жобаларына қолдау көрсетілді.

2-ші кезеңде 51,9 млн. теңге бөлініп, 101 үміткер қатысуға ниет білдірген. Қатысқан үміткерлер арасынан 15 кәсіпкердің жобалары қолдау тапты. Айта кетейік, 2020 жылы жалпы 289,9 млн. теңгеге 67 кәсіпкердің жобалары қолдау тауып 2019 жылмен салыстырғанда 12 жобаға артық қолдау көрсетілген.