Шымкентте қатерлі індет қайта күшейді. Бұл туралы қаланың бас дәрігері дабыл қағып отыр.
Бақытжан Позилов сөзінше коронавирус мереке күндерінен кейін белең ала бастаған. Мәселен, жыл соңында анықталған науқастар саны 5-6-дан аспаса, соңғы күндері вирус табылғандар саны тәулігіне 20-ға жеткен.
Ал, ауыр жағдайда жатқандар саны — 9. Осылай деген қаланың денсаулық сақтау басқармасының басшысы тұрғындарды абай болуға шақырады. Айта кетейік, пандемия басталғалы 81 шымкенттік квиден көз жұмған.
Бақытжан Позилов, Шымкент қаласы денсаулық сақтау басқармасының басшысы: «Жаз айында, бірінші толқында көп нәрсеге дайын болмадық. Нәтижесінде қайғылы жағдайға ұшыраған кездер болатын. Солардың бәрін қордалай келе А, В, С сценариін жазып шықтық. Басты мақсатымыз — ықтимал болатын екінші толқынға дайындалу. Қазіргі таңда дәрігерлердің, медбикелердің барлығы ковидпен күресіп үйренген. Нәтижесінде 5328 адамды емдеп шығарды. ҚР бойынша бізде емделіп шыққандар саны өте көп. Осы жылдың 1 қаңтарынан бүгінгі таңға дейін Шымкент қаласында эпидемиологиялық жағдай күшейе түсті».
Назерке Үкібасова