«Қазгидромет» РМК Түркістан облысы бойынша филиалы таратқан ауа — райы жайлы мәліметке тоқталсақ.
Жанат Жарменова, инженер-синоптик: «Түркістан облысы аумағындағы ауа райына суық антициклон әсерін тигізеді. 4-ші қаңтарға дейін өңірдің кейбір жерлерінде тұман, солтүстік-шығыстан тұрған желдің екпіні 9-14 м/сек, солтүстік аудандарда желдің екпіні 15-20 м/сек жетеді. 3-ші қаңтарда түнде -7-12 градус аяз болса, күндіз сынап бағанасы — 5 градус аязды көрсетеді. Солтүстік аудандарда түнде -17-20 градус аяз, күндіз -5-10 градусқа дейін төмендейді.
Шымкентте жауын -шашынсыз, алайда тұман. Түнде ауа температурасы 9-11 градус аяз, күндіз 0-2 градусты көрсетеді».
Шынар Оразова