Алты жасар бүлдіршінге көмек керек

204

6 жасар Паржан Алтынбеков осыдан бір жыл бұрын ғана асыр салған ойын баласы болатын. Бүгінде ас ішуге батпай отырған ол қазір қатерлі ісік дертімен күресуде. Ата-анасы қиындықтың қаңтарда басталғанын айтады. Бала ішінің іскенін айтып әкесіне шағымданыпты. Ісіктің үлкейіп бара жатқанын байқаған әке-шеше осыдан кейін жедел-жәрдем қызметіне жүгінген.

Алтынбековтер отбасы содан бері аурухана табалдырығын тоздырумен келеді. Паржанға ең алғашқы ота тамыз айында жасалыпты. Бүгінде бір бүйрегінен айрылған бүлдіршіннің бұл соңғы пышаққа түсуі емес. Осыдан кейін тағы да ота жасалған. Алайда, өкініштісі, кішкентайдың ауруды жеңуіне ол да көмек болмапты.

Айта кетейік, 5 баланы бағып отырған отбасы әскери қызметтегі жалғыз әкенің айлығына қарап отыр. Перзентінен көз жазып қалмауды тілеген ата-ана жаны жомарт азаматтардан көмек күтеді. Бар үміттері ұлдарының Түркия ауруханасынан ем тауып, аяқтан тұруы. Ал, ол үшін қыруар қаржы керек.

6 жастағы бүлдіршіннің еміне көмек қолын созамын деушілерге +7 707 534 10 30 байланыс нөмеріне хабарласуларын сұраймыз. Есеп-шот: 4400 4301 3754 3093

Назерке Үкібасова