Ikomek орталығына кеп түскен өтініштің 24 пайызы қоғамдық көлікке қатысты

84

Ikomek орталығына кеп түскен өтініштің 24 пайызы қоғамдық көлікке қатысты. Бұл туралы орталық басшысы қала әкіміне баяндады.

Жыл қорытындысын жіктеген Азат Әміртаев былтыр Ikomekке 66 006 өтініш кеп түскенін айтады. Оның 64 588 шешімін тапса, қалғаны әлі күнге дейін қарауда.

Басшы сөзінше қала халқы негізінен қоғамдық көлік, жол, жұмыспен қамту және әлеуметтік қорғау мәселелері бойынша хабарласады. Сондай-ақ, шымкенттіктер медицина, тұрмыстық қалдық және көше жарығы мәселесіне де алаңдаулы. Өз кезегінде шаһар басшысы Мұрат Әйтенов өтініштерді дер кезінде қабылдап, уақыт өткізбей шешуді тапсырды.

Назерке Үкібасова