Шымкент қаласы әкімдігіне қарасты үш басқарманың атауы өзгерді

192
фото gov.kz

Шымкент қаласы әкімдігіне қарасты үш басқарманың атауы өзгерді. Шымкент қаласының басқару схемасы бойынша шешімді  қалалық мәслихаттың депутаттары бірауыздан қабылдады.

Оған сәйкес, қалалық энергетика және коммуналдық шаруашылық басқармасының атауы – энергетика және инфрақұрылымды дамыту, табиғи ресурстар және табиғатты пайдалануды реттеу басқармасы -қалалық жайлы ортаны дамыту басқармасы болып өзгереді. Сонымен қатар, жаңа атауда туризм және сыртқы байланыстар басқармасы қызмет атқарады.

Естеріңізге сала кетейік, жетінші шақырылымдағы Шымкент қаласы мәслихатының кезектен тыс екінші сессиясында  «Шымкент қаласының басқару схемасы туралы»   қала әкімі аппараты басшысының м.а.  Ильяс Қаланов баяндама жасаған болатын.

Шынар Оразова