Тұрғындардың қауіпі сейілді

205

Шымкент қаласындағы Қарасу өзенінің бойында орналасқан М. Сапарбаев, Амангелді және Милицейская көшелері тұрғындарының қауіпі сейілді. Тұрғындар көпірлердің таяныштары болмағандықтан, ойын балалары суға түсіп кетеді ме деп алаңдайтын. Өзекті мәселе шешімін тапты.

Қалалық табиғи ресурстар және табиғатты реттеу басқармасы мен «ЛТД Тұрмыс» ЖШС-нің қызметкерлері көпір таяныштарын орнатып, өзенде санитарлық тазалау жұмыстарын жүргізді. Игі іске 20-дан астам қызметкер және 4 техника жұмылдырылған. Тұрғындар өз тараптарынан мамандарға алғыстарын жеткізуде.

Жалпы, қалада ағын сулар мен нөсерлі жауын-шашын жиналатын су арналарын реттеу және тазалау жұмыстары кезең-кезеңімен жүргізіледі. Шаһарда бүгінде 27 су арнасы мен 2 су қоймасы бар. Көктем басталмай жатып, қазірдің өзінде тазалық жұмыстары қарқынды жүргізілуде.