Синоптиктердің деректері бойынша осы аптада Түркістан облысы мен Шымкентте ауа райы құбылмалы.

Айтуларынша Ресей аумағынан енген суық ауа ағынының әсерінен алдағы күндері өңірде аяз сақталады. Ауа температурасы Түркістан облысында -4-8 градустан кейбір жерлерде -13-18 градусқа дейін төмендейді. Ал аптаның екінші жартысында ауа температурасы жылылықты көрсетеді деп болжануда.
Әсия ҚЫДЫРБАЕВА, «Қазгидромет» РМК Түркістан облысы бойынша филалының бөлім бастығы: «Наурыздың 19-20 күндері Түркістан облысында ауа -райы біртіндеп жылиды +23 градусқа дейін көтеріледі. Шымкентте бүгін 7-9 градус аяз сақталады. Ертең 3-5 градусқа дейін күн жылынады. 19-20 наурызда сынап бағанасы +20 градусқа дейін көтеріледі. Ауа- райы Орта Азиядан шыққан жылы ағымның әсерінен  жылынады».

Шынар Оразова