И. Тасмағамбетов КАМАЗ директорлар кеңесіне кіруі мүмкін

166

Оның кандидатурасы директорлар кеңесінің сырттай дауыс беруі арқылы ұсынылды, деп хабарлайды kolesa.kz.

15 наурызда «КАМАЗ» ААҚ баспасөз қызметі компанияның директорлар кеңесіне үміткерлерді ұсыну бойынша дауыс беру нәтижесін жариялады. 2004-2008 жылдары Алматы қаласының әкімі болған Иманғали Тасмағамбетов кеңестің ықтимал мүшелерінің бірі ретінде аталды. Ол екі жыл Ресейдегі Төтенше және Өкілетті Елші қызметін атқарып, 2019 жылы зейнетке шыққан.

Биыл маусым айының басында «КАМАЗ» ААҚ акционерлерінің жылдық жалпы жиналысы өтеді. Тасмағамбетов директорлар кеңесінің мүшесі бола ма, жоқ па, сол кезде анықталады.