Соңғы кезде Шымқаладағы көпқабатты тұрғын үйлердің қабырғасын әдемі суретпен әрлеу сәнге айналып келеді.
Мангелдин көшесінің бойындағы №39 тұрғын үйдің қасбеті «Кітаптар әлемі» тақырыбындағы граффити суретімен безендірілуде. Алматылық мамандар бұл қалалық орталықтандырылған балалар кітапханасы орналасқан ғимаратқа ерекше сән береді деген ойда. Қабырғадағы суретті байқағандар өз бағасын беруде.
Анна Козловская, Мангелидин көшесіндегі №39 үй комитетінің төрайымы: «Маған өте ұнайды, немереме де қатты ұнады. Граффити-бұл өнер ғой. Қараңыздаршы, үйдің қас беті ажарлана түсті, әдемі болып қалды. Кейбіреулерге ұнамайды, ол енді олардың пікірі. Қазір үйіміздің бірінші қабатында орналасқан балалар кітапханасында шағын жөндеу-әрлеу жұмыстары жүргізілуде. Жауапты мамандарға бір ұсынысымыз бар. Кітапхананың жылу жүйесін жаңаласа. 36 жылдан бері жөнделмеген құбырлар мен батарейлер ескірген, іші толып қалған. Салдарынан жоғарыдағы пәтерлерге жылу жақсы бармайды».
Қырғызстаннан келген қонақ көпқабатты үйдің қас бетіндегі сурет көңілінен шыққанын айтады: «Керемет, жақсы көңіл күй сыйлайды. Әр келгенде бір жаңашылдық көремін. Көктемде жер құлпырып, айнала да көркеюде. Шымкент, жалпы Қазақстан маған қатты ұнайды. Сәулеті, әсіресе қонақжай адамдары».
Шынар Оразова