Өмірзақ Шөкеев Ордабасы ауданының әлеуетімен танысты

360

Денсаулыққа пайдасы мол жер асты суын Ордабасы ауданында емдік мақсатта пайдаланып, сауықтыру туризмін дамыту көзделіп отыр. Облыс әкімі Өмірзақ Шөкеев Ордабасы ауданында қолға алынған жаңа жобаларды қолдады. Бөген ауылындағы дәрігерлік амбулаторияның ескі ғимаратын жерасты минералды суын тиімді пайдалану мақсатында дертке шипа іздегендер үшін оңалту-сауықтыру орталығы ретінде қолдану көзделуде.

Сапар барысында облыс басшысы Шұбарсу ауылындағы жекеменшік емхананың жұмысымен танысты. Ауысымына 250 адам қабылдауға қуатты медициналық мекемеде 125 азамат тұрақты жұмыспен қамтылған. Ауданда 51 денсаулық сақтау мекемесі бар.
Өмірзақ ШӨКЕЕВ, Түркістан облысының әкімі:»  Бізде ең потенциалы  бар сала туризм.Түркістанға барар жолдағы Темірлан , басқа елді мекендер туризмге бейім. Үлкен инвестор аквапарк, шипажай салмақшы. Мен оны қолдаймын»

Облыс басшысы іс-сапарын Шұбарсу ауылындағы күрделі жөндеуді қажет ететін Нұрлыбеков атындағы жалпы орта мектептің жағдайымен танысудан бастады. Білім беру нысаны 2004 жылы іске қосылған. Қазіргі таңда мұнда 2 мыңнан астам бала білім алуда. Ордабасы ауданы бойынша жалпы 65 мектеп бар. Облыстық бюджет есебінен 6 мектептің құрылысы жүргізілуде. Облыс әкімі экспортпен айналысатын жылыжайда болды.

Екі гектарға қызанақ, қияр өсірумен айналысатын азаматтар облыстың ғана емес, республикасының бірқатар қалаларын қамтиды. Ордабасы ауданында жылыжайдың жалпы аумағы 87 гектарды құрайды. Биыл жылыжай көлемін тағы 20 гектарға арттыру көзделуде.

Шынар Оразова