Оқушылар төртінші тоқсанды мектепте оқиды

510

Төртінші тоқсанда оқушылар мектепке оралады. Және сабақта медициналық бетпердесіз отыруға рұқсат берілді.

Сонымен Бұл туралы бүгін еліміздің білім және ғылым министрлігі мәлімдеді. Ведомства өкілдерінің сөзінше, бұл мүмкіндік тек эпидемиологиялық жағдайы бірқалыпты аймақтарға қатысты. Ал, қызыл сызықтағы аймақ оқушылары сол баяғы талаппен оқуды жалғастыра береді.

Коронавирус бүгінге дейін Қазақстанның 11 497 оқушысынан анықталған. Ал, індетті жұқтырған ұстаздар қатары 2000-нан асыпты. Осылай деген ведомства өкілдері төртінші тоқсаннан бастап шәкірттер білімді үйден емес, мектептен алатынын алға тартты. Мұндай мүмкіндік тек эпидемиологиялық жағдайы бірқалыпты аймақтардағы білім ұяларына қатысты. Сондай-ақ оқушыларға сабақта медициналық маскасыз отыруға рұқсат беріліп отыр.

Марал РАХЫМЖАНОВА, ҚР ДСМ Санитариялық-эпидемиологиялық бақылау комитетінің Тамақтану, білім беру және тәрбиелеу объектілерін санитариялық-гигиеналық бақылау және қадағалау басқармасының басшысы: «Егер ата-ана баласының медициналық маскамен сабақ оқығанын қаласа, мархабат. Ешкімге қарсылық білдірмейміз. Қайта бетперде тақса, қуанамыз. Алайда, тексеру нәтижесіне сүйенсек, оқушылардың көбі сабақ кезінде маска шешіп тастайды. Әрі олар 40 минуттан сабақ оқиды. Арасында үзіліс бар. Сондықтан да бұл шешімді адам шошырлық деп айта алмаймыз»

Жауаптылар сөзінше баласын мектепке жіберу-жібермеу ата-ананың өз еркінде қалады. Алайда, қазақстандықтардың 80 пайызы балаларының офлайн білім алғанын қалап отыр екен. Осылай деген министрлік өкілдері өткен тоқсанда елдегі оқушылардың 66 пайызының дәстүрлі түрде білім алғанын айтады. Есесіне Нұр-Сұлтанда 14 жасқа дейінгілер арасында квидің табылуы 13 пайызға артқан.

Бұдан бөлек төртінші тоқсаннан бастап мектептердің асханалары да ашылады. Ал, сыныптағы оқушылар саны 25-тен аспауы керек. Осылай деген министрлік өкілдері әр сабақтың 40 минутқа созылатынын айтады.

Сондай-ақ, 1 сәуірден бастап қыркүйекте мектеп табалдырығын аттайтын бүлдіршіндердің құжатын қабылдау басталады. Ата-аналар өтінішті үкімет веб порталы арқылы жібере алады. Ол үшін оқушының куәлігі, медициналық паспорты мен фотосы керек.

Назерке Үкібасова