Түркістан тазалығына жауапты көпбалалы аналар марапатталды

166

Түркістанның тазалығына жауапты мамандар марапатталды. Мереке қарсаңында көпбалалы аналарды облыстағы «Нұр Отан» филиалының өкілдері құттықтады.

Барлығы 15 қызметкер қаланы абаттандырып, тазалығымен айналысатын «Түркістан жарық-тазалық» ЖШС-інде жұмыс істейді. Міндетіне таңсәріден кірісетін нәзік жандылардың еңбегін атап өткен партия өкілдері алғыс хат пен сый-сияпат табыстады.

Айта кетейік, қала бойынша 98 мыңнан астам отбасы көпбалалы. Олардың 38907-ні партия бір реттік ақшалай көмек берді.

Назерке Үкібасова