Туберкулез жұқтырғандардың 90 пайызы жазылған

203

Пандемия кезінде туберкулезбен ауыратын науқастар індет жұқтыру қаупі жоғары топқа енгізілген еді. Осыдан кейін оларды тексеру де азайған жоқ. Бұған дейін бір ғана шағыммен қаралып келген оларға коронавирусқа қарсы тексеріс те жасалып отырды.

Болатхан САҒЫМБАЕВ, Түркістан облыстық фтизиопульмонология орталығының бас дәрігері: «Карантин кезінде туберкулезбен ауыратын науқастарымызды тексеріп жүріп, 10-ынан коронавирус анықтадық. Осыдан кейін оларды қатерлі індеттен емдеу басталды. Шүкір, бәрі де аман есен. Қазір өкпе ауруымен күресуде».

Былтыр бір жылдың ішінде науқастардың 90 пайызы туберкулезді жеңіп шыққан. Осылай деген ақ халаттылар аталмыш аурудың емі барын айтады.

Болатхан САҒЫМБАЕВ, Түркістан облыстық фтизиопульмонология орталығының бас дәрігері: «Өткен жылы Шымкентте 248 науқас анықталды. Ал, Түркістан облысында 666. Бүгінгі таңда есепте барлығы 1280 адам тұр. Оның 313 стационарлық орталықта».

Қазақстанда өкпе ауруы негізінен бастапқы кезеңде анықталады. Бірақ, науқастардың ауруды асқындырып келетін жағдайы да аз кездеспейді. Осылай деген мамандар бұл індетті кез-келген жерде жұқтыруға болатынын айтады. Және ауа арқылы жұғатын індеттің жас талғамайтынын да жеткізді.

Ал, оның алдын алу үшін жыл сайын флюрографияға түсіп тұруға кеңес береді. Айта кетейік, арнайы бір айлық іс шараға орай тексеру наурыз айында тегін жүргізілмек.

  Назерке Үкібасова