Алғашқы тоқсанда 172 089 шымкенттік атаулы әлеуметтік көмекке қол жеткізді. Осылайша мегаполистегі 34 мыңнан аса отбасы 4,3 млн теңгеге ие болды. Ал, жалпы ел бойынша бұл көрсеткіш 683 мыңнан астам тұрғын.
1 сәуірдегі жағдай бойынша мемлекет қолдауына ие болған отбасылар саны 135 мыңнан асыпты. Ол үшін бюджеттен 122 млрд. теңге бөлінген болатын.
Айта кетейік, билік көмегі жалақының ең төменгі көрсеткішін алатын азаматтарға тағайындалған. Жыл басында 105 мың отбасының 519 азаматына атаулы әлеуметтік көмек ұзартылған болатын.
Назерке Үкібасова