Қала әкімі жауапты мамандармен бірге бірқатар құрылыс алаңдарын аралады. И.Жансүгіров көшесінде бой көтеретін 228 орындық Низамхан орта мектебінің құрылысы ағымдағы жылдың наурыз айында басталған.

Бұл нысан Шымкент әлеуметтік кәсіпкерлік корпорациясы тартқан жеке инвестицияға салынуда. Заманауи үлгідегі мектептің құрылысын кәсіпкер биылғы жаңа оқу жылына аяқтауды көздеп отыр. Мектепте асхана, спорт залы қарастырылған. Шаһар басшысы мектеп құрылысы аяқталғанша бағдаршам, оқушылар өтетін жолда қауіпсіз жолақ  белгісі мен аялдаманы орнатуды тапсырды.Шынар Оразова