«Сары» аймаққа енген Шымкентте карантин режимі жеңілдетіле ме?

99

«Сары» аймаққа өткен Шымкентте карантин талаптары жеңілдетіле ме? Бұл сұраққа бүгін қаланың бас санитар дәрігері жауап берді. Әбдіманап Төлебаевтың сөзінше егер үшінші мегаполис «сары» аймақтар тізімінде 7 күн тұрса, онда соңғы қаулы қайта жаңартылуы мүмкін. Осылай деген департамент басшысы эпидемиологиялық ахуалдың әлі де оңбай тұрғанын айтады.

Айта кетейік, отандық «Қазвак» вакцинасы бүгін Шымкентке де жеткізілді. Барлығы 4000 дозаны салдыруға ниеттілер де аз емес дейді мамандар. Бірақ, бұл вакцинаны ресейлік өніммен аралас компонент етіп салдыруға болмайды екен. Еске салайық, Шымкентте «Спунтик Ви» екпесінің алғашқы компонентін қабылдағандар саны 78 мыңнан асты.

Назерке Үкібасова