Алдағы мамыр мерекелері қарсаңында қалалық жұмыспен қамту және әлеуметтік қорғау басқармасы қалалық мәслихаттың шешімімен бекітілген бір реттік ақшалай төлем жасау бойынша жұмыс атқаруда. 9 мамыр- Жеңіс күніне орай Шымкент қаласындағы Ұлы Отан соғысының ардагерлері жыл сайынға бір реттік ақшалай төлеммен қамтылады.
Ұлдана БЕКБАУ, Шымкент қалалық жұмыспен қамту және әлеуметтік қорғау басқармасының бөлім басшысы:» Шымкент қалалық мәслихаттың шешімімен 9 мамыр- Жеңіс күніне орай, Шымкент қаласындағы 21 ҰОС ардагеріне Жеңіске қосқан үлесі үшін жыл сайынғы бір реттік ақшалай төлемдер түріндегі әлеуметтік көмек — 360 АЕК, яғни 1 050 120 теңге көлемінде қаржы аударылады. Сондай-ақ шахардағы 3300 тыл ардагеріне 12 АЕК, яғни 35 мың теңге 4 тиын есеп шоттарына аударылады».