Алдағы жексенбі күні Шымкенттің бірқатар шағынаудандары мен көшелерінде жарық сөнеді. Шымкент қаласы әкімінің орынбасары Мақсұт Исаховтың айтуынша, бұл Рысқұлов-Қонаев көшелерінің қиылысындағы жолайырық құрылысындағы электр желілерінің орнын ауыстыру жұмыстарына байланысты болып отыр.

Сәйкесінше 18 сәуір күні сағат 09:00-ден 19:00-ге дейін қаладағы Отырар, Солтүстік, Сайрам, Шығыс, Азат, Мирас, Ұлағат, Нұрсат, Спорт, Наурыз, Шапағат, Солтүстік-Шығыс, Тараз, Бам шағынаудандары мен Д. Қонаев, Тәуке хан, Қазыбек би, Ғ.Іляев, Адырбеков, Жібек жолы, Т.Рысқұлов, Ұ. Арғынбеков көшелерінде жарық толығымен болмайды. Сондықтан жергілікті билік тұрғындарды алдын ала хабардар етіп, қамдануға шақырады. Сондай-ақ бұл мәселеге түсіністікпен қарауға шақырады.

Мақсұт ИСАХОВ, Шымкент қаласы әкімінің орынбасары: «Біріншіден барынша адамдарға, Шымкент қаласының тұрғындарына ыңғайлы етіп жасауға тырыстық.  «Оңтүстік Жарық Транзинт» компаниясымен келісе келе соны жексенбі күнге қойған дұрыс деп санап отырмыз. Біріншіден мынау қазір эпид жағдайға байланысты бізде көп шектеулер бар. Осы жексенбі күнге байланысты. Басында біз екі күн қатарынан өшіреміз ба деп едік. Жарты жарты күннен деп ойлап едік. Бірақ сараптай келе сол бір күн өшіруді шештік».

 Мөлдір Ибадуллаева