Úı ANONS Жарықтан үнемдеп, 320 млн. теңге жымқырды

Жарықтан үнемдеп, 320 млн. теңге жымқырды

Фото: urbanlook.ru
Өскемен қаласында «ШҚО мемлекеттік-жекешелік әріптестік өңірлік орталығы» АҚ-ның бұрынғы басшысы Д.Б  және басқа да тұлғаларға қатысты бюджет қаражатын жымқыру, кәсіпкерлік қызметке заңсыз қатысу және қылмыстық жолмен алынған кірістерді заңдастыру фактілері бойынша айыптау үкімі шығарылды.
2019 жылы Өскемен және Семей қалаларындағы көше жарығы жүйелерін жаңғыртуды көздейтін жоба іске қосылған. Жоба аясында электр энергиясын едәуір үнемдеу және жарық сапасын арттыру мақсатында ескі жарықтандыру құралдарын энергия үнемдейтін жарықдиодты шамдарға ауыстыру жоспарланған.
Алайда жоба аясында күдіктілер жабдықтар мен жұмыстардың құнын негізсіз өсіріп, жалпы сомасы 320 млн. теңге залал келтірілген.
Сонымен қатар қылмыстық жолмен алынған кірістерді заңдастыру мақсатында аталған акционерлік қоғамның бұрынғы басшысы сенімді тұлғаның атына ЖШС тіркеп, оны жалған шарттар арқылы қаражатты қолма-қол ақшаға айналдыру үшін қосалқы мердігер ұйым ретінде пайдаланған.
Сот үкімімен Д.Б, Ю.Г.Х және Н.Т. П-қа 7 жылға бас бостандығынан айыру жазасы тағайындалып, азаматтық талап қанағаттандырылды. Сондай-ақ қылмыстық жолмен алынған қаражатқа сатып алынған мүлік — тұрғын үйі бар жер учаскесі мен автокөтергіш тәркіленді. Үкім заңды күшіне енді.