Шымкентте «Балалық шақ» аллеясы ашылды

179

Шымкентте «НұрОтан» партиясының қолдауымен «»Mobil Plus Көмек»  қайырымдылық қорының бастамасымен «Балалық шақ» аллеясы ашылды.

Демалыс орнында тал көшеттері егілді. Ал оларға ағаштарды отырғызған балалар есімі берілді. 50 айлант көшетінің күтімін оны еккен Шымкенттің кішкентай тұрғындарынан бөлек, қордың мамандарымен қатар Қаратау ауданы әкімдігінің қызметкрелері өз мойындарына алды.

Балалар аллеясы «Нұрсәт» шағынауданындағы Шаяхметов көшесі мен Назарбаев даңғылы қиылысынан бастау алады. Қаладағы дендрологиялық саябағынан жеткізілген көшеттерді отырғызу шарасына Ахаевтар отбасы да атсалысты. Саматтың есімі берілген тал баламмен бірге жетіледі деген үміттемін дейді Алима Ахаева.

«Бізді керемет балалық шақ акциясына шақырған «»Mobil Plus Көмек»  қайырымдылық қорына алғысым шексіз. Балам өз еркімен жүре алмайды. Сал ауруына шалдыққан. шақырту бізді қатты қуантты. Көпшілік жерге  көп бара бермейміз ғой.  Көшетті қасиетті Рамазан айында отырғыздық біздің тілеуіміз орындалып, балам сауығып ағаш жерсініп өсіп қаламыз көркейе берсін»,-дейді Шымкент қаласының тұрғыны Алима АХАЕВА.

Бұл шараның Шымкенттің кішкентай тұрғындарына ұнағаны соншалық , өздері отырғызған ағаштарды суғарып та үлгерді. «Балалық шақ» аллеясын ашу «Mobil Plus Көмек» қайырымдылық қорының алғашқы бастамасы.

Наргиза КЕРІМБАЕВА ,»Mobil Plus Көмек» қайырымдылық қорының жетекшісі: «Біздің қор қайырымдылықпен айналысады. Көпбалалы, аз қамтылған, мүмкіндігі шектеулі балаларды тәрбиелеп отырған отбасыларына қолдау көрсетіп жүргенде бізге балалардың өмірге деген қызығушылығын арттыру бойынша ой келді. Сол ойымызды жүзеге асыру қасиетті Рамазан айында нәсіп етіпті. Өз есімдерімен аталған көшетін отырғызғанда тілек айтқан балалардың армандары орындалсын. Аман болсын».

Шара ел президентінің жасыл желек егу «Таза табиғат» жалпы ұлттық жоба аясында өтуде.

Бахадыр НАРЫМБЕТОВ, Шымкент қалалық мәслихатының хатшысы: «Қалалық мәслихат депутаты Наргиза Керімбаеваның бастамасын  депутаттарымыз  қолдаса, қалада 30 «Балалық шақ» аллеясы пайда болады екен. Шымкент жасыл қалаға айналатынын анық».

Қаратау ауданының әкімі Абзал ӘЛІҚҰЛОВ балалық шақ аллеясындағы ағаштардың күтімін өз мойнымызға аламыз деп уәде берді. Аудан басшысының айтуынша  бұдан бөлек, бүгін түстен кейін  Сайрам тұрғын  алабында 300 түп ағаш көшеттері отырғызылмақ..

Акция қатысушылары «Балалық шақ» аллеясындағы айлант көшеті жерсініп, Шымқаланың көркін ашарландыратынына сенімді.

Шынар Оразова