Шымкентте коронавирустың жаңа үш штаммы анықталды

70

Шымкентте коронавирустың үш штаммы да анықталды. Бұл туралы қаланың бас дәрігері кезекті рет өткізілген штаб отырысында мәлімдеді. Бақытжан Позилов сөзінше індет соңғы тәулікте 131 тұрғыннан табылған. Жалпы жыл басынан бері тәжівирус 3155 шымкенттіктен шыққан екен. Осылайша қаладағы қауіпті вирус беті бері қарайтын емес.

Есесіне, мегаполисте вакцинациялау қарқынды түрде жалғасуда. Басқарма басшысының сөзінше күніне 800-ден аса шымкенттік індетке қарсы екпе қабылдауда. Осылайша спутник ви вакцинасына алғандар қатары 73 мыңнан асқан. Олардың 14 мыңы мұғалімдер болса, 11 мыңы медицина мамандары тағы 6000 құқық қорғау қызметкерлері. Өз кезегінде қала әкімі вакцинациялауды күшейтіп, қызыл аймақтан шығудың жолын табуды тапсырды

Назерке Үкібасова