Қайырымды қаланың тұрғындары игі істерімен танылуда. Бүгін шаһардағы Ақ мешітке арнайы шақыртылған аз қамтылған, көпбалалы отбасылары және мүмкіндігі шектеулі азаматтарға азық-түлік жиынтығы таратылды.
Шәй, күнбағыс майы, макарон өнімдері,күріш, құмшекер, тәттілер аталған жанұяларға баға шарықтаған кезеңде жақсы қолдау. Жеке кәсіпкер Гүлнар Әшірәлі жерлестеріне әзірлеген азық-түлік қаладағы төрт аудандағы ірі мешіттерде көмекке мұқтаж жамағатқа таратылды.
Күлсара БАТЫРОВА: «Мен Абай ауданында тұрамын. Көмекке жазылған едім. Мөлдір деген кызымыз шакырды. Қазір азық-түлік алдық. Барлығына рахмет. Алла разы болсын».
Шынар Оразова