Ағымдағы жылдың 20-нан 21-ші сәуірге қараған түні толассыз жауған жауын-шашын салдарынан Тастұмсық елдімекенінің қыр беткейінде орналасқан «Шохаман» каналы арнасынан асып, аталған елдімекендегі Дүйсенбиев және Биболаев көшелеріндегі 8 үйдің ауласына су кірген.
Төтенше жағдайың бетін қайтару мақсатында аудан әкімдігі жанынан құрылған комиссия бекітілген алгоритмге сәйкес дереу іс-қимыл жасап, қауіп бетін сейлтті.
Аудан әкімі Нұрлан Байғұт бастаған жұмысшы топ аталған аумақтағы үйлердің аумағында жиналған суды мотопомпа құрылғысы арқылы тазартып, ауыл үстінен өтетін канал бойындағы қауіпті аймақтарды арнайы техника күшімен күшейту жұмыстарын жүзеге асырды.
Төтенше жағдайдың алдын алу жұмыстарына 4 арнайы техника, 20-мотопомпа және 60 жуық мамандар жұмылдырылды.