Тұрғындар арызынан соң құрылыс жұмыстары тоқтатылды

149

«Теріскей» шағынауданындағы жиналған бұл жұрт өз үйлерінің жанынан басталған құрылысқа қарсы. Сөздерінше, көпқабатты тұрғын үй құрылысы еш талапқа сай келмейді. Кесірінен көрші орналасқан 63 үйге зиянын келтіре ме деп қорқады. Және бұл істе бір шикілік бар деп отыр.

Арызданған ағайынмен кездесуге құрылыс иесі де келді. Бар құжатым қолымда деген ол көпқабатты тұрғын үй тұрғызуды тоқтатпайтынын айтады. Бәрі заңды деген азамат жұртқа өзге жаққа арыздануға кеңес берді.

Жұрт жиналған аумаққа мемлекеттік сәулет Құрылыс бақылау басқармасының өкілдері де келді. Және айды аспанға бір-ақ шығарып, бұл құрылысқа ешкімнің рұқсат бермегенін айтты. Жетекшіден өтініш келіп түскенімен оның қанағаттандырусыз қалғанын жеткізді.

Ал, жер қатынасы басқармасындағылар құрылысты бірқатар рұқсаттан кейін ғана бастауға болатынын айтады. Бірақ, бұл талапқа бағынбайтындар да бар екен.

Осылайша тұрғындар арызынан кейін әзірге құрылыс жұмыстары тоқтатылды. Бірақ, олар мұнымен бәрін қоя салмаймыз деп отыр. Ендігі бағытымыз қала әкімі деген ел бастаған істі соңына дейін жеткіземіз деп бекініп отыр.

Назерке Үкібасова