Қазақстанның үшінші мегаполисінде қоғамдық көліктердегі ашықтықты қамтамасыз ету, көлеңкелі табысқа тосқауыл қою және тұрғындарға сапалы қызмет көрсету мақсатында «Төлем» электрондық билеттендіру жүйесі 2020 жылғы 15 қазаннан бастап іске қосылған болатын. 9 қарашадан бастап сараланған тариф енгізілді, яғни қолма-қол төлем 100 теңгені, электронды төлем 70 теңге болып бекітілді.
Бүгінгі таңда атқарылған жұмыстар нәтижесінде «Төлем» жүйесі өзінің тиімділігін көрсетіп отыр. Электрондық TOLEM жүйесі арқылы төленген төлемдер бір күнде 200 мыңнан асып отыр.
Алайда, кейбір жекелеген кондукторлар тарапынан дұрыс жұмыстар жүргізілмеуде. Сол себепті арнайы жұмыс топтары құрылып, тұрақты бақылау жұмыстары атқарылу үстінде.
ЖОЛАУШЫЛАР НАЗАРЫНА!
Қоғамдық көлікте міндетті түрде электронды төлем (TOLEM) картасымен немесе электронды төлемнің басқа да қызметтері арқылы төлеуді сұранамыз. Себебі картамен төленген ақша тікелей тасымалдаушы компанияның есебіне түседі және бақылаушы органдар көре алады. Демек, транзакция санына қарай көлік компаниясы мемлекетке салық төлейді. Салықтан сіз бен бізге қажетті делінген жолдар салынып, мектеп пен балабақша тұрғызылады. Сонымен бірге, бюджеттен компанияға бөлінетін субсидия көлемі де азаяр еді. Ал, көлік компаниясы өз тарапынан автобустарды жөндеуге, күтіп-ұстауға, тұрақты тазалықты қамтамасыз етуге мүмкіндік береді. Сол себепті ашықтықты қамтамасыз етіп, қоғамдық көлік мәдениетін қалыптастыруды қаласақ, кондукторлардың
«70 теңге бере салшы, қолма-қол төлейсіз ба»
деген секілді сұраушылығына тосқауыл қоюымыз қажет. Электронды картаңыз болмай жол ақысын ҚОЛМА-ҚОЛ төлеген жағдайда міндетті түрде «чек» талап етіңіздер.
ТӨЛЕМ карталарын Шымкент қаласы Әл-Фараби алаңы № 9 үйде орналасқан фронт-офистен, сауда үйлерінен, Зерде дәріханалар жүйесінен сатып алуға болады.