ASHYQ: 15 адамнан қызыл статус анықталған

108

Шымкентте ASHYQ жобасына қосылған мекемелерге кірмек болған 15 адамнан қызыл статус анықталған. Бұл туралы Шымкент қаласының Санитариялық-эпидемиологиялық бақылау департаментінің басшылығы хабарлады.

Енді олар екі апта карантинде жатуы керек. Қаладағы кәсіп нысандарына ASHYQ жүйесі 26 мамырдан енгізілді.

Шымкентте ASHYQ пилоттық жобасының жұмысында қазір техникалық ақау жоқ екен. Бұл туралы Шымкент қаласы Кәсіпкерлер палатасының өкілі хабарлады. 26 сәуірде жұмысын бастаған жобада техникалық ақаулар байқалған еді.

Естеріңізде болса, елімізде Ашық пилоттың жобасы қаңтарда енгізіле бастады. Індет жұқтырғандарды дер кезінде анықтауға арналған жүйе әр кәсіпорынға қойылуы керек болатын. Шымкент бойынша Ашық жобасына қосылуға 858 кәсіпорын ниет білдірген екен. Соның 404-і кюар кодты алып үлгерген.

Ашық арқылы келушілердің әрқайсысын тексеру де нәтиже бере бастапты. Шымкент қаласының Санитариялық-эпидемиологиялық бақылау департаментінің басшылығының сөзінше, бүгінге дейін 15 қызыл статус пен 51 сары белгісі бар азамат анықталған. Барлығы оқшауланыпты.

Мамандар сөзінше кәсіпкерлерді АШЫҚ жобасына қосылуға мәжбүрлемейді. Қысымға ұшыраса 115 телефонына хабарласа алады.

    Назерке Үкібасова