Автобус жол апатына ұшырады

224

2021 жылдың 6-мамыр күні Қазыбек би және Т.Рысқұлов көшелерінің қиылысында автобус жүргізушісі көлік құралын басқара алмай, тротуарға шығып, ағашқа соқтығысқан.

Жол-көлік оқиғасы кезінде автобус ішінде жолаушылар болған жоқ. Жол-көлік оқиғасы салдарынан зардап шеккендер жоқ.

Жүргізушіге қатысты ҚР ӘҚБтК-нің 610-бабының 1-бөлігі (көлік құралдары жүргізушілерінің жол жүрісі қағидаларын Көлік құралдарының, жүктердің, жолдардың, жол және басқа да құрылыстардың немесе өзге де мүліктің бүлінуіне әкеп соққан, материалдық залал келтірген бұзуы) бойынша әкімшілік хаттама толтырылды.