Дауылды алдын ала ескерту

142
фото Inform.kz

 

Кезекші синоптик Д.Айтмырзаеваның мәлімдеуінше 2021 жылғы 10 мамырда Шымкент қаласында түнде найзағай күтіледі.

Шымкент қаласының ТЖ департаменті найзағай кезіндегі сақтық шараларды еске салады:

– ешқашан найзағайдан жалғыз тұрған ағаштың астына, биік темір конструкциялардың астына тығылмаңыз, найзағай ешқашан бұтаға түспейтінін ұмытпаңыз, оның астына жасырған дұрыс;

– терезелерді, есіктерді, мұржаларды және желдеткіш тесіктерді жабыңыз;
– телефонмен сөйлеспеңіз: найзағай кейде тіректер арасында созылған сымдарға түседі;

– найзағай соққан кезде электр сымына, жайтартқышқа, шатырдағы суағарларға, антеннаға жақындамаңыз, терезенің жанында тұрмаңыз, мүмкіндігінше теледидарды, радионы және басқа да тұрмыстық электр құралдарды өшіріңіз;

– су айдынында немесе оның жағасында болмаңыз. Жағалаудан ары кетіңіз,биіктіктен төменге түсіңіз. Найзағай кезінде су мен су қоймаларының жағалары қауіпті. Найзағай кезінде судан мүмкіндігінше алыс болу ұсынылады. Суға ұрған найзағай соққысы 100 метр радиуста бәрін зақымдайды.

QAINAR KÓZШымкент қ.ТЖД қоғаммен байланыс тобы