Қазақстандағы үш өңірде геологиялық барлау жұмыстары жанданбақ

512

Қостанай, Қызылорда және Түркістан облыстары еліміздің болашақ мұнайлы алқабына айналуы мүмкін.

Геологтар осындай тосын тоқтамға келді. Айтуларынша қазір миниралды ресурстардың ұлттық деректер банкі жасалып жатыр. Онда барлаудың алғашқы кезеңінде анықталған қойнауы бай жерлер жайлы ақпараттар жазылып, отандық және шетелдік инвесторлар үшін ашық жарияланады. Мәліметтерге сай, 40-50 жылдан кейін Теңіз, Қашаған және Қарашығанақ кен орындары түгесіледі. Сол үшін барлаудың 2021-2025 жылдарға арналған тұжырымдамасы әзірленген. Оған 1 триллион теңге бөлінбек. Әсіресе бұрын көп зерттелмеген Қостанай, Қызылорда және Түркістан облыстары ерекше назарға алынбақ.

Шынар Оразова