Шымкентте нан бағасы қымбаттады

384

Шымкентте тағы да нан бағасы қымбаттады. Бұл жолы ас атасы 5 теңгеге өсті. Осылайша бұған дейін 75 теңгеге саудаланып келген нан енді 80 теңге тұрады.

Ал, сала жауаптылары болса, бағаны қайта салыстырмалы түрде ұстап тұрғандарын абырой санап отыр. Сөздерінше, наубайшылар бағаны 87 теңгеге жеткізуді жоспарлаған.

Үшінші мегаполисте ас атасы тағы да қымбаттады. Бұған дейін 75 теңге тұрған бөлке нан енді халыққа 80 теңгеден сатылмақ. Соңғы рет баға былтырғы ақпанда өзгерген еді. Жауаптылар болса 2019 жылы тұрақтандыру қоры арқылы келісі 118 теңгеден босатылған ұнның күні кеше таусылғанын айтады. Қазір 50 келі ұн наубайханаларға 6 600 теңгеден жетіп жатыр екен.

Шенеуніктер тіпті наубайханашылардың бағаны 87 теңге етіп белгілеуді сұрағандарын айтады. Сөздерінше қосылған 5 теңге шығынды әзер жауып тұр екен. Бірақ халық да қалтасын ойлауымыз керек деген шенді нарықтағы бағаны ұстап тұруды алға қойып отыр. Айта кетейік, қорда қазір 4000 тонна ұн бар. Оны алдағы орақ науқанына дейін жеткізу жоспарланып отыр.

Қайрат БАЗАРБЕКОВ, Шымкент қаласы ауыл шаруашылығы және ветеринария басқармасы сауда және баға мониторинг бөлімінің басшысы: «Нақты себебі бірінші –ұн бағасының өзгеруі динамикасының. Сонымен қатар, өсімдік майы және тасымал құнының артуы сонымен нан өндірісінде пайдаланатын ашытқы шикізат көзінің қымбаттауы себеп болып отыр».

Ал нан қауымдастығының бұрынғы бағада пайда көру былай түрсын бірәздан бері шығынға жұмыс істеп келгенін айтыпты. Нанға қажет шығындарын есептей келе кемінде 87 теңге етіп белгілеуді сұраған екен.

Назерке Үкібасова